Алматының Түрксіб ауданында ер адам жеті жасар қызды буындырып өлтіріп, денесін құдыққа тастаған, - деп хабарлайды Qamshy.kz Kazakhstan Today агенттігіне сілтеме жасап.
"7 шілдеде 22.00-де қыздың анасы 2009 жылғы баласының жоғалғанын хабарлады. 22.50-де полиция қызметкерлерінен құралған іздеу тобы қыздың денесін үй маңындағы құдықтан тапты", - деді хабарлады ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Оның айтуынша, полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстапты. Бұған дейін ол бірнеше қылмысы үшін сотталған екен. "Өлімінің себебі - механикалық асфиксия, қызды буындырып өлтірген", - деп хабарлады баспасөз қызметінің жетекшісі. Қылмыстың мотиві анықталып жатыр.