Владимир Путин Алтай мемлекеттік университетіне түсу үшін құжат тапсырды

/uploads/thumbnail/20170709035245956_small.jpg

Алтай өңіріндегі классикалық университеттің қабылдау комиссиясына Ресей президентінің толық аттасынан өтініш түскен, - деп хабарлайды Qamshy.kz altapress.ru -ке сілтеме жасап.

Талапкер Владимир Владимирович Путин АлтМУ Бұқаралық байланыс, филология және саясаттану факультетінің филология және журналистика бағытына құжат тапсырды.

Қазіргі уақытта ол талапкер - филологтар арасында 9 орында, ал журналистер арасында 18 орында тұр.

26 шілдеге дейін АлтМУ бакалавр бағытына құжат қабылдайды. Осы аралықта оқуға түсу үшін аттестаттың түпнұсқасын өткізу қажет. Әзірге талапкер Путин орта білімі туралы аттестат көшірмесін ғана өткізді. Орыс тілі бойынша 93 балл жинағанына қарағанда, Владимир Владимировичтің АлтМУ студенті атануға мүмкіндігі жетерлік. 

Қатысты Мақалалар