Тоқтар Төлешевтің ісі бойынша 25 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда

/uploads/thumbnail/20170709035623318_small.jpg

Шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешевтің ісі бойынша 300 адам куәгер ретінде іске тартылып, 25 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Тергеу барысында Т.Төлешовтің бірқатар ауыр және өте ауыр қылмыс жасағаны дәлелденген. Атап айтсақ,оған Қылмыстық кодекстің 125, 126, 179, 182, 192, 262, 265, 266, 268, 287, 296 және 367 баптары бойынша, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 1997 жылғы редакциясындағы 96, 107 және 187 баптары бойынша айып тағылып отыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлім еткендей, Т.Төлешов трансұлттық қылмыстық топты қаржыландырып, тұрақты түрде қаруланған топты құрған және оны басқарған.

«Т. Төлешев басқарған қылмыстық топ оның бұйрығымен адам өлтіру, адам өлтіруге әрекет жасау, адамды заңсыз ұрлап, оны бостандығынан айыру, қорлау, ұрып-соғу, біреудің мүлкін әдейі жою істерімен айналысқан»,- деп хабарлады баспасөз  қызметі.

Тергеу анықтағандай, Тоқтар Төлешев пен оның біраз сыбайластары әлеумет арасында шу шығарып, жаппай тәртіпсіздік пен наразылық шараларын ұйымдастыру арқылы биліктің күшпен басып алуға әрекет еткен.  

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Төлешов Тоқтар Жүсіпұлына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталғанын хабарлаған болатынбыз.

Қатысты Мақалалар