Төлешевтің сыбайластарынан қару-жарақ тәркіленді

/uploads/thumbnail/20170709035629584_small.jpeg

ҰҚК өкілдері журналистерге Тоқтар Төқлешевтің сыбайластарынан тәркіленген қару-жарақты көрсетті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

"Төлешовтің қол астында 90-нан аса қаруланған және қажетті оқудан өткен жауынгер болған. Арнайы бөлімшені сырттай заңды ету үшін Төлешов ол топқа арнайы "Смерш" күзет фирмасын, кейіннен "Вымпелгрупп" фирмасын тіркеген. Сонымен қатар, Төлешов ұйымдастырған топтың қажеттіліктерін өтеу үшін қол астындағы адамдар арқылы заңсыз түрде оқ ататын қару мен жарылғыш заттарды алып отырған. Төлешовтің кәсіпорындарын және басқа мүлік нысандарын тінту барысында оның сыбайластарынан 10 данадан аса оқ ататын қару, граната мен бірнеше ату жарақтары алынды. Сондай-ақ, Төлешовтің қылмыстық тобында күзет фирмаларына тіркелген 60-тан аса қызметтік қару болған", - деп хабарлады ҰҚК өкілдері. 

Сонымен қатар, Төлешовке трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты қаржыландырған, сонымен қатар тұрақты қарулы топты құрып, басқарған деген күдік келіп отыр. Ал 11 шілдеде ҰҚК өкілдері Төлешовтің ұзақ уақыт бойы шетелдегі "Братский круг" сияқты белгілі қылмыстық трансұлттық қауымдастықтың лидерлері мен басты тұлғаларын қаржыландырып келгенін және байланыста болып келгенін хабарлады. 

Қатысты Мақалалар