Алматыда 3 жасар бала 12-қабаттан құлап кетті (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709035716929_small.jpg

Алматыда кішкентай бала 12-қабаттың терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Qamshy.kz. Бұл туралы Дилярам Акрам есімді қолданушы Фейсбуктегі парақшасында  жазды.

Куәгерлерлердің айтуынша, оқиға Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы "Премьера" тұрғын үй кешенінде болған. Балаға бала күтуші қарап жүрген. "Бұл оқиға бүгін шамамен 13.30-да болды. Бала терезеден қарағысы келген. Ал терезенің торы болған. Содан терезенің торы түсіп кетіп, бала құлап кеткен. Ата-аналары үйде болмаған сияқты", - деді ер адам.

Айта кетейік, құлап кеткен баланың 2013 жылғы екені белгілі болды. Сонымен қатар, баланың жедел жәрдем қызметкерлері келгенге дейін оқиға орнында қаза болғаны хабарланды.

Қатысты Мақалалар