Алматыда Қанат Исламға қандастары шапан жауып, темір тұлпар мінгізді

/uploads/thumbnail/20170709040003056_small.jpg

Алматыда қандастарымыз Қанат Исламның құрметіне дастархан жайып, той жасады, - деп хабарлайды Qamshy.kz. Бұл туралы Берік Сұлтан есімді қолданушы Фейсбук парақшасында бөлісті.

Қанат Исламның ағайын-туыстары мен ауылдастары ақ тілегін айтып, дуалы ауыз ақсақалдар батасын берді. Той соңында жерлестері батырға шапан жауып, темір тұлпар сыйлады.

«Менің мақсатым бокстан дүние табу емес. Америкаға кетуімнің басты себебі - қазақтың атын шығарып, белгілі бір дәрежеге жету. Біздің ұлтқа қазір көк туды желбіретіп, намысты таптатпайтын азаматтар керек. Маған дүниеден бұрын жеңіс қымбат. Ел абыройы маңызды!» - дейді Қанат Ислам.

Қатысты Мақалалар