Ресей жазықсыз түрмеде отырған Қазақстан азаматына $8000 төлейтін болды

/uploads/thumbnail/20170709040205979_small.jpg

2005 жылы Ресейде есірткі контрабандасы және заңсыз есірткі айналымы үшін 15 жылға қатаң режимдегі колонияға қамауға талынған қазақстандық  Сымбат Оғановтың кінәсіздігі дәлелденді, - деп хабарлайды Qamshy.kz rapsinews.com сайтына сілтеме жасап.

Сотталушының корғаушысы Раушан Қамалова тергеу барысында қазақ азаматының кей тағылған айыптарда кінәсіздігі анықталып, Татарстанның Жоғарғы соты бұл жазаны екі жылға жеңілдеткенін айтуда.

"Республиканың ІІД жедел-тергеу тобы келтірген дәлелдер жалған екендігі анықталды. Осылайша 2015 жылдың желтоқсанында Набережночелнинский қалалық соты Оғановтың тек есірткіні "сыбайласына" бергенін анықтады. Және сол үшін сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті", - дейді Қамалова.

Казань соты Ресейдің Қаржы министрлігін қазақ азаматы Оғановтығ 2,5 жыл бойы жасамаған қылмысы үшін түрмеде отырғандығына 500 мың рубль (шамамен $8000) төлеуге міндеттеді.

Қатысты Мақалалар