КӨКШЕТАУДА ҚҰРЫЛЫС ОРНЫНАН АДАМ СҮЙЕКТЕРІ ТАБЫЛДЫ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709040343418_small.jpg

Көкшетау қаласында құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында балабақша іргетасынан  адам сүйектері табылды. Оқиға орнына жедел жеткен анықтау тобы үш адамның бас сүйегі мен өзге де қаңқаларды анықтаған, - деп хабарлайды Qamshy.kz  31-арнаға сілтеме жасап. 

Жұмысшылар бала-бақшаның іргетасын тұрғызбақшы болып, жерді қаза бастайды. Кенет күтпеген жағдайға тап  болады. Екі метр тереңдікке жеткенде, адам сүйектері жатқандығын байқаған. Шақыртумен оқиға орнына жедел-анықтау тобы жетеді. Олар  үш адамның бас сүйек, қаңқаларынан бөлек,  құмыра ыдыс, әшекей бұйым мен шіріген тақтайшаларды тапқан. Мамандар,  бұл  ежелгі адамдардың сүйегі болуы мүмкін дейді. Бір қызығы адам қаңқалары жер астындағы құбыр жүйесінің қасынан табылған. Бұған  дейін ешкімнің байқамағаны күмән туғызады. Қазіргі кезде сүйектер мәйітханада зерттелуде.  

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Сүйектерді қозғаған кезде бірден үгітіле бастады. Тек бас сүйектерін ала алдық. Сот-медициналық сарапшысының айтуынша адам қаңқалары жер астында ұзақ уақыт бойы жатқан. Қазіргі кезде сараптама тағайындалды, анықтау жұмыстары жүргізілуде. 

Қатысты Мақалалар