Алматыда құрылыс компаниясы қабырғасы қисайған үйді түзетіп, қайта саудаға шығармақ, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Алғабастағы апатты деп танылған 9 қабатты үй ақыры бұзылмайтын болды. Оны «Астана құрылыс» компаниясы өз меншігіне алып, қайта қалпына келтірмекші. Яғни қисайған қабырғаны түзетіп, қайта саудаға шығарады. Ал далада қалған 72 отбасыға дәл сондай 9 қабатты үй салынып жатыр. Оны құрылысшылар тәуелсіздік күніне тарту етеміз деп сендіруде.