Астанада екі жігіт қаладағы ең үлкен көпірдің үстіне өрмелеп кетті. Олардың биіктіктен түсіп келе жатқанын тұрғындардың бірі байқап, ұялы телефонға түсіріп алған, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
-Жүрек жұтқан жігіттер ғой. Нелері бар десейші? Арғы жағынан мінді, бергі жағынан түсіп жатыр...
Таспада жас жігіттердің көпірге қауіпсіздік белдігінсіз шығып кеткені анық көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, екеуі адреналин үшін биікке өрмелеген. Алайда, қызық қуғандар кез-келген сәтте төменге құлап кетуі әбден мүмкін еді. Қазір астаналық полицейлер тентектердің аты-жөнін анықтауда. Бұзақыларға 20 мың теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін.
Айта кету керек, Есілдің оң мен сол жағалауын байланыстырып тұрған бұл көпірге көбіне адамдар өз-өзіне қол жұмсау үшін өрмелейді. Жуырда 36 жастағы Тәжікстан азаматы қолына пышақ алып, дәл осы көпірден секіріп өлмек болған. Жартылай жалаңаштанған Абдулла Рузеевті елшілдіктегілер мен полицейлер келіп, әрең аман алып қалған еді.