Астанада өзін өртемек болған әйел жоғалып кетті

/uploads/thumbnail/20170709040429762_small.jpg

Астанағы "Ата-Кент" тұрғын үй кешенінде өз балконында өзін-өзі өртемек болған Ольга Цветкова із-түссіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Qamshy.kz NewTimes.kz -ке сілтеме жасап.

Өзін өртемек болған Ольга Цветкованы Астана әкімдігінің қызметкерлері іздеп жатыр. Әйел құрылыс компаниясынан өзіне тиесілі ақшаны алуы керек еді, алайда із-түссіз жоғалып кеткен.

Цветкованың жоғалуын оның заңгері Махамбет Әбжан да растап отыр.

-Мен онымен байланысқа шыға алмай отырмын. Телефоны сөндірулі. Тіпті не істерімді білмеймін. Оның қаржылық жағдайы өте ауыр еді. Бар құнды затын ломбарқа өткізіп тастаған. Өзіне бензин құйған пәтерден оны қуып шыққан. Цветкованы әкімдіктің ішкі саясат бөлімі қызметкерлері, журналистер бәрі іздеп жатыр. Маған хабарласып сұрайды, өзім де оның қайда екенін білмеймін, - дейді құқық қорғаушы Махамбет Әбжан.

Естеріңізге сала кетейік, 5 шілде күні Көктал шағын ауданында жаңа салынып жатқан үйден пәтер алу үшін тоғыз миллион теңге құйған Ольга Цветкова шінші қабаттағы өз пәтерінің балконында үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болған еді. Оқиға орнына «Ата кент» Тұрғын үй кооперативінің басшысы Қайрат Бодаухан  жеті күннің ішінде құйған қаржысын қайтарып беретіні туралы қолхат жазып берген еді.

Әйел кеше 12 шілде күні ақшасын қайтарып алуы керек болған.

Қатысты Мақалалар