Қостанайда салмағы 350 келі болатын 39 жастағы әйел тұрады (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709040431200_small.jpg

Қостанай тұрғыны 39 жастағы Галина Воробьева семіздіктің төртінші кезеңіне жетіп, ауыр салмақтан зардап шегіп отыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz Alau.kz -ке сілтеме жасап.

Галинаның салмағы 350 келіге жеткен. Дәрігерлер оның туа бітті сырқаттан кейін шектен тыс салмақ қосқанын айтады. Ешқашан арық болмаған Галина өзінің ерекше екенін бала кезден байқаған.

-Менде бір нәрсенің дұрыс емес екенін байқайтынмын. Өйткені анам екеуіміз бірдей өлшемді киім алатынбыз. Мен 11 жасымда, есімде, анам 50 немесе 52 өлшемді киім киетін, мен де солай, - дейді Галина Воробьева.

Галинаның айтуынша, оған 14 жасында "жүйкенің сыр беруінен заталмасудың туабітті бұзылуы" деген диагноз қойлған. 

9 сыныпты бітірген Галина үш жыл бойы үйінен шыға алмай қалған. Сосын ол үйде қарап отырмай, Қостанай облыстық ауруханасында санитар болып жұмыс істеген. Әрі қарай сатушы да, күзетші де болған.

"Ол кезде салмағым айтарлықтай қиындық тудырмайтын. Өзіме жарасатын киімдер киетінмін. Достарым да, маған ғашық болған ер азаматтар да көп еді", - дейді Галина.

Галина Воробьева дәрігерге соңғы рет 1991 жылы қаралған. Денсаулығына көп шағымданбайтын Галинаның жағдайы бірнеше апта бұрын күрт нашарлап,  оны құтқарушылар Қостанай облыстық емханасына жеткізген. Әйелді экскаватормен тасуға тура келіпті.

Қатысты Мақалалар