Қарағандыда № 1 психикалық-жүйке медициналық, әлеуметтік мекемесінің жанындағы отырғызылған ағаштар арасынан зейнеткердің мәйіті табылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz "Новый вестник" басылымына сілтеме жасап.
Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, ол көптеген жарақаттан қайтыс болған және өлер алдында зорланған.
-Бұл істің дерегі екі бап бойынша тіркелді. Бірінші 99 баптың 1 тармағы - адам өлтіру, екінші 120 баптың 1 тармағы - зорлау болып табылады, - дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Батырхан Смаилов.
Полицейлер диспансердің дуалында қоңыр түсті дақ тапқан. Осыған байланысты орган қызметкерлері медициналық мекемені және оған тиесілі аумақты тінтуді және оқиға болған жерде телефон қоңырауларын тексеруді жоспарлап отыр.