Павлодарда селфи жасамақ болған 15 жастағы жасөспірім токқа түсіп қалды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Павлодар көлік прокуратурасыyна сілтеме жасап.
Бала вагон төбесінде селфи жасамақ болып, теңселгенде жоғары вольтты сымнан ұстап қалған.
Жасөспірімді ауруханаға жеткізді, қазір ол жан сақтау бөлімінде. Оның денесінің 80-85 пайызы электрожарақат алған. Жасөспірімнің жағдайы ауыр.
27 мың вольт қуатымен ток ұрған баланың оқиғасы Павлодар стансасындағы ЖІІБ сотқа дейінгі тергеудің біріңғай реестріне тіркелді.