Өскеменде мешіт пен шіркеу қызметшілері арасында армрестлинг пен жеңіл атлетикадан жарыс өтті, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап.
Мұсылмандар мен христиандардың намысын қорғаған діни қызметшілердің дене дайындығы жаман емес көрінеді. Қол күрестен абсолют салмақтағылар арасында Покровский храмының қызметшісі Алексей Горбунов ешкімге дес бермесе, басқа салмақ категорияларында наиб-имамдар жеңісті қолдан бермеген. Бастысы барлығы да төрешінің төрелігін қабылдап, сайыс нәтижелеріне бойұсынған.
Кез-келген дінде спортқа тыйым салынбаған, исламда да солай. Керісінше, үлкен қолдау табады. Сондықтан, Пайғамбарымыз «Жаратушы күшті адамды жақтайды» деген. Сондықтан, біз дініміз бен ұлтымызға қарамастан спортпен шұғылданып, күшті болуымыз керек», - дейді «Халифа Алтай» мешітінің наиб-имамы Аслан Абақов.