Екі мәрте допинг сынағынан «ұсталған» ауыратлет Илья Ильин мамандығын өзгертеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Спортшы ендігі уақытта ғылымға бой ұрып, Англияда спорт менеджменті мен психология саласында білім алмақ. Әзірге Ильиннің нақты қай оқу орнына баратыны анықталған жоқ.
Бұл туралы спортшының жеке бапкері Ержас Болтаев хабарлаған.
«20 жыл бойы спортпен айналысқан ол оқуға жөндеп көңіл бөле алмады. Қазір Илья сол олқылықтардың орнын толтыруды ойлап жүр, алайда, спортты тастамақ емес. Ол Англияға барып, спорт саласындағы психология мен менеджмент ілімін игермек», - дейді Е. Болтаев.
Бапкер Рио Олимпиадасына Ильясыз баратын Қазақстан құрамасынан үміт күтетінін айтқан. Лайықты спортшы ретінде 2015 жылғы Әлем чемпионы Александр Зайчиковты атады.
«Зайчиков Хьюстонда Ресей спортшысы Дәуіт Беджанияннан асып түсті. Оның алдындағы жарыстарда өзбекстандық Руслан Нуриддиновпен кездесті. Алдағы Олимпиадада бұл спортшылар Зайчиковтың 105 келіге дейінгі салмақ категориясындағы басты қарсыластары болмақ», - дейді бапкер.
Қазақстанның ауырт атлетикадан әйелдер құрамасының аға бапкері Вилорий Пак та Чиншанло, Манеза мен Подобедовасыз да құрамамыздың әлемдік додадан құр қайтпайтынына сенімді.
«Біз 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы Маргарита Елисеева мен 2013 жылғы Бүкіләлемдік студенттер ойындарының күміс жүлдегері Карина Горичеваға үміт артып отырмыз», - дейді В. Пак.
Естеріңізге салсақ, 11 шілде күні ауыр атлетикадан Рио Олимпиадасына баратын ел құрамасының негізгі іріктеуі өтіп, оның құрамына 8 спортшы енді.