Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Моңғолияның Баян Өлгей аймағына барды, - деп хабарлайды Qamshy.kz үкімет басшысының Твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.
Сапар барысында қазақ диаспорасымен кездесу, мұражай мен драма театрына, Өлгейдегі орта мектепке бару жоспарланған.
Сондай-ақ, К.Мәсімов Моңғолияда өтетін XI АСЕМ саммитіне қатысады.
АСЕМ (Asia - Europe Meeting, ASEM) - ашық, ресми емес, аймақаралық диалогтік үдеріс болып табылады, оның аясында қатысушы елдердің саясат пен қауіпсіздік, қаржы-экономикалық және әлеуметтік-мәдени салалардағы ынтымақтастығы жүзеге асырылады.
Форумның күн тәртібінде жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарыс салдарын жеңу, қазіргі және жаңа қауіп-қатерлерге қарсы әрекеттер, жаппай қырып-жою қаруларын таратпау, энергиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрақты даму, климаттың өзгеруі, экология, мәдени байланыстарды ілгерлету және т.б. бағыттар қамтылған.
Қазіргі кезде АСЕМ құрамына 53 мемлекет кіреді.