Ж.Омар: «Аудан әкімдіктері әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларын жандандыруы қажет»

/uploads/thumbnail/20170709040717155_small.jpg

ШҚО-да аймақтық БАҚ басшылары мен әкімдік өкілдерінің қатысуымен кезекті ақпараттық кеңестің отырысы өтті. Кеңес барысында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар аудан әкімдіктері мен облыстық басқармаларға әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларын жандандыруды тапсырды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Жиында облыстық басқармалар мен аудандық әкімдіктердің әлеуметтік желі мен интернет ресурстардағы жұмыстары қатаң сынға алынды. Атап айтар болсақ, бірқатар мемлекеттік органдар ресми сайт және әлеуметтік желідегі парақшаларын тек көрсеткіш үшін қолданып келген.   

– Егер әлеуметтік желіден парақша ашсаңыздар, оған күнделікті ақпарат салып, жүргізіп отыру қажет. Дәл сол сияқты ресми сайтпен де қарқынды жұмыс жасаңыздар. Тек көрсеткіш үшін парақша ашып қойған жарамайды. Қазір ақпараттық ағын заманы болғандықтан, тұрғындардың көбі жаңалықты әлеуметтік желіден оқып, бөліседі, – деді Жақсылық Омар.

Сондай-ақ, аймақ басшысының орынбасары айтып өткендей, аталған жұмыстар жүргізілген жағдайда, мемлекеттік орган және тұрғындар арасындағы қарым-қатынас нығая түспек.

Қатысты Мақалалар