Моңғолияда жүрген Мәсімов кенет қазақша сөйлеп кетті (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709040724296_small.jpg

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына сапар шекті. Үкімет басшысы Моңғолия қазақтарымен қазақша сөйлескен, - деп хабарлайды Qamshy.kz Nur.kz -ке сілтеме жасап.

Естеріңізде болса, Баян-Өлгейде сел жүріп, сол жақтағы қандастарымыз үлкен шығынға ұшыраған болатын. Селден 700-ге жуық адам зардап шегіп, екі адам қайтыс болды.

 

Бүгін Моңғолияға арнайы барған Мәсімов қандастарымызға көмектесетінін қазақ тілінде жеткізген. Көпшілік алдында қазақша сөйлемейтін Мәсімовтің бұл әрекеті желі қолданушыларын таң қалдыруда.

Қатысты Мақалалар