Анимациялық кино қауымдастығының президенті Ғали Мырзашев режиссер Талғат Жәнібековты қолдайтыныны айтып, Қазақстан киноиндустрисындағы жемқорлық туралы ашық пікір білдірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz Informburo.kz -ке сілтеме жасап.
-«Қазақфильм» министрлік атынан қаражатты кімге беру керектігін бұрыннан өзі шешеді. Мысалы, Қазақ хандығынынң 550 жылдығына орай 2 миллион долларды шымкенттік анимациялық студияға берді. Мен Шымкенттіктерге қарсы емеспін, бірақ, оларда арнайы білімі бар мамандар жұмыс істемейді. Әуесқойлықпен өзі үйренгендер. Байқау қайда? Шарт қайда? Тіпті «Көшпенділер» фильмін түсірерде де Тимур Бекмамбетов өз трейлерін ұсынған, оның сөзіне ешкім құлақ аспаған, – дейді Ғали Мырзашев.
Мемлекеттік қолдауға мұқтаж емес екенін айтқан қауымдастық президенті кино саласында небір жемқорлықтың бар екенін, Жәнібеков тек соның шетін ғана ышғарғанын айта келе, "халық мұны білуі керек" деді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін режиссер Талғат Жәнібеков Мұхамедиұлы бопсалаумен айналысты деп мәлімдеп, видео жариялаған болатын.
Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет істері жөніндегі департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова "Феникс" фильмінің режиссері Талғат Жәнібеков пен министр Арыстанбек Мұхамедиұлының арасында шыққан дауға қатысты пікір білдірген еді.
Ал ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы адвокаты арқылы ар-ожданына нұқсан келтірген режиссерді сотқа беретінін мәлімдеген.