Исекешев Астаналықтарды таң қалдыруын жалғастыруда

/uploads/thumbnail/20170709040900672_small.jpg

Dmitriy Tulubayev есімді Фейсбук қолданушысы өз парақшасында әуежайда рейсті күтіп тұрған қала әкімі Әсет Исекешевті көріп, таң қалғанын жазды, - деп хабарлайды Qamshy.kz

"Бұған дейін шенеуніктер, оның үстіне әкім-қаралар туралы ешқашан жазбаған едім. Бірақ оларды әлеуметтік желіде даттаушылар көп. Бірақ кеше VIP/CIP залдарда емес, жалпы залда рейсті күтіп тұрған Астана қаласының әкімін көріп таң қалдым. Міне, біздің ерекше, керемет әкім" деп жазған автор жариялаған суреті үшін Әсет Исекешевтен кешірім сұраған.

Естеріңізге сала кетейік, Әсет Исекешев 21 маусымда Астана қаласының әкімі болып тағайындалған еді. Ал күні кеше «Бәйтерек» монументі жанында «Astana Motorsports» командасының экипаждарын таныстыруға арналған үлкен мерекелік шарада халық ортасында жүрген су жаңа әкімін Астаналықтар танымаған болатын.

Қатысты Мақалалар