Ниццада үлкен теракт жасалды (Фото, видео)

/uploads/thumbnail/20170709040909016_small.jpg

Ниццада теракт жасалды. Белгісіз біреулер көшедегілерге қарата оқ атқан, - деп хабарлайды Qamshy.kz Риа Новости басылымына сілтеме жасап.

Жүк көлігі Бастилияны азат ету күнін мерекелеп жүрген бір топ адамды қағып өткен, көліктен шыққан белгісіз адамдар маңайдағыларға оқ атқан.

Жергілікті билік қарулы шабуылды теракті деп санайды. Алдын ала мәлімет бойынша, 80-ге жуық адам қаза тауып, 100-ден аса адам зардап шеккен. 

Ниццадағы теракт кезінде қаза тапқандардың арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі Twitter желісінде жария етті.

"Қазіргі уақытта Ниццадағы теракт салдарынан қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары туралы мәлімет жоқ. Мәлімет тексеріліп жатыр. Ниццадағы терактіні үзілді-кесілді айыптаймыз. Франция халқына көңіл айтамыз. Терроризм - әлемге және бүкіл әлемдегі қауіпсіздікке төніп тұрған қауіп", - делінген хабарламада. 

Ниццада адамдар тобын қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісінің аты-жөні анықталды. Ол Тунис тумасы, 31 жастағы жергілікті тұрғын болып шықтыКуәгерлердің айтуынша, жүк көлігі тоқтамастан, арлы-берлі жүріп, адамдарды екі шақырым бойында қағып жүрген. Жүк көлігінің жүргізушісі өлтірілді. Ниццадағы шабуылдан кейін арнайы операция жүрді. Оқиға орнынан ІІМ басшысы Бернар Казневтің барғаны айтылады. Франция президенті Франсуа Олланд шабуыл кезінде Авиньонда болған, бірақ ол дереу Парижге оралу туралы шешім қабылдапты.

Қатысты Мақалалар