Серік Ахметовпен бірге сотталған шенеуніктің түрмеден ерте шығуының себебі түсіндірілді

/uploads/thumbnail/20170709040912266_small.jpg
 

Қарағандыда Серік Ахметов ісі бойынша сотталған тағы бір экс- шенеунік мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Қаланың жер қатынастары бөлімін басқарған Ернар Дәрібеков сот белгілеген екі жыл мерзімнің аяқталуына 2 ай қалғанда түрмеден босатылып отыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Дәрібеков колонияның іші мен сыртының тазалығына қатты мән беріпті. Сондықтан ауланы абаттандыру жұмыстарына белсене араласқан екен. Өзін өзі тәрбиелеу үйірмесіне қатысып, колония басшылығы тарапынан 2 алғыс хат та алған. Дәрібеков Ахметов ісімен сотталып мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан үшінші шенді. Бұған дейін Қарағанды облысының және қаланың экс әкімдері Бауыржан Әбдішев пен Мейрам Смағұлов та босаған. Ал 8 жылға сотталған Серік Ахметовтың өзінен мерзімінен бұрын босату туралы өтініш әзірге түспепті. 

Қатысты Мақалалар