Ниццадағы теракті болған жерде Қазақстанның төрт азаматы жүрген

/uploads/thumbnail/20170709040928922_small.jpg

Францияның Ницца қаласындағы теракті кезінде Қазақстанның төрт азаматы оқиға орнына жақын маңда орналасқан қонақ үйде болған, олар зардап шеккен жоқ, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚР Сыртқы істер министрінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап.

«Ниццада болған терактіге байланысты, Франция халқына көңіл айтамыз. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Дегенмен, теракті болған жерде Қазақстанның төрт азаматы жүрген. Түнде ҚР Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан азаматы хабарласып, Ницца қаласындағы «ағылшын жағалауына» жақын жердегі қонақ үйде отырғанын және жанында тағы үш адам бар екенін мәлім етті. Олар өмірлеріне қауіп төнеді деп қорыққан. Терезеден қаза тапқандарды, қашқан адамдарды көрген. Бізден көмек сұрады. Қазақстанның дипломаттары шұғыл түрде оларға хабарласты. Қазір төрт азамат та қауіпсіз жерде. Ешқайсысы зардап шеккен жоқ»,-деді Ә.Жайнақов.

Оның айтуынша, Ниццада жүрген төрт азамат ерлі-зайыптылар отбасы және олардың екі туысқаны. Төртеуі де бұл елге турист ретінде барған. Қазір олар өздері тоқтаған қонақүйде жатыр.

Қатысты Мақалалар