Қарағанды облысында сібір жарасына байланысты жарияланған карантин алынып тасталды

/uploads/thumbnail/20170709041010892_small.jpg

Сібір жарасына байланысты Қарағанды облысында жарияланған карантин бітті. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов мәлім етті, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қарағанды облысындағы карантин алынып тасталды», - деп хабарлады ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Бұған дейін хабарлағынымыздай, 2016 жылдың 8 маусымы мен 8 шілдесі аралығында Қазақстан бойынша 16 адам түйнеме жұқтырған. Алматы облысында - үш адам, Шығыс Қазақстан облысында - екі адам, Қарағанды облысында сегіз адам (өкінішке қарай, екеуі қайтыс болды), Павлодар облысында үш адам осы аурумен ауырған. Аман қалған он төрт адамның сегізі қазір ауруханадан шыққан, тағы алты адам стационарда ем қабылдауда.

Қатысты Мақалалар