Стамбұлдағы Таксим алаңына әскерилер жиналды. Олар Түркия территориясында коменданттық сағат жариялады. Бұл туралы жергілікті ақпарат көздеріне сілтеме жасап «РИА» жаңалықтары хабарлайды.
Жақын арада елдің жаңа Ата Заңы қабылданбақ. Бұл туралы Түркияның мемлекеттік теледидары хабарлайды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, елдің мемлекеттік теледидары хабар таратуды тоқатқан болатын.
Қазақстанның Сыртқы істер Министрлігі қақтығыстар нәтижесінде ондаған адамдардың қаза болуына байланысты бауырлас түрік халқына көңіл айтты.