Профилактикалық және техникалық үзілістегі телеарналар шұғыл эфирге шықты

/uploads/thumbnail/20170709041453677_small.jpg

Профилактикалық және техникалық үзілістегі бірнеше отандық телеарналар Алматыдағы жағдайға байланысты шұғыл хабар тарата бастады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ақпарат және комммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

-Достар, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі телеарналардың жедел эфирге қосылуы бойынша жұмыс жүргізіп, қазір 24.кз және КТК эфирге шықты. Сонымен бірге радиоарналар да іске кірісті, - деп хабарлады АКМ баспасөз қызметінің ресми өкілі Арсен Бектасов.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан телеарналарының ашылмай тұрғанын жазған болатынбыз.

Қатысты Мақалалар