ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы жағдайдан кейін Қауіпсіздік кеңесінің жедел жиынын өткізеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ақорданың Twitter желісіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы оқиғаларға байланысты Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Алматыда атыс болып, Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК маңы қоршауға алынған болатын. Астана уақытымен 12:20-да Алматы қаласының аумағында террористік қауіптіліктің қызыл деңгейі белгіленді.
Қазіргі кезде "террористің" екеуі де ұсталды.