Ішкі істер министрлігі таратқан соңғы мәлімет бойынша, атыста 5 адам қаза тапқан. Ал полицияға қару кезенген Қызылорда облысының тумасы, бұрын сотталған, 27 жастағы Руслан Күлекбаев болып шықты, - деп хабарлайды Qamshy.kz HalykNews.kz -ке сілтеме жасап.
Өткен жексенбінің бірінде Р.Күлекбаев бір әйелді өлтірді деп, күдікке ілінген. Содан бері оған қылмыстық іздестіру жарияланған.

Күдікті қолға жайдан-жай түсе қойған жоқ. Бес жерінен жараланғасын, амал жоқ, берілуге тура келді. Күдіктіні тексеру барысында қалтасынан Ержан Қошаев деген азаматтың атына жасалған жалған куәлік табылды.