Назарбаев Алматыдағы атысты теракт деп атады

/uploads/thumbnail/20170709041613022_small.jpg

Алматы қаласындағы оқиғаларға байланысты Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің жедел отырысын өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz  Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті қаза болғандар мен зардап шеккендердің туыстарына көңіл айтып, мемлекеттік органдарға оларға қажетті көмек көрсетуді тапсырды. 

"Бүгін Алматыда террористік акт болды, өкінішке қарай, адамдар қаза тапты. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстарына көңіл айтамын, оларға сәйкес психологиялық және материалдық қолдау көрсетілуі керек. Құқық қорғау органдарына қалада тәртіпті сақтау бойынша қажетті шаралар жүргізуді тапсырамын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қатысты Мақалалар