Астанада қару-жарақ және ат әбзелдерінің көрмесі ашылды

/uploads/thumbnail/20170709042234199_small.jpg

Алматыдағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Астана қаласында «ҚР МОМ қорындағы қару-жарақ және ат әбзелдер коллекциясы» атты көрме өткізуде,  - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Көрмеге ҚР МОМ қорындағы XVIII-XX  ғасырлармен мерзімделетін ат әбзелдері, суық қару, ату және оқ дәрімен атылатын қарулар, сондай-ақ оларды қолдануда қажетті сан алуан жабдық түрлері  - шарайна, қалқан, сауыт және кісе белдіктер қойылған. Сонымен қатар, көрме экспозициясына қазақ тарихында есімі белгілі тұлғалар – Амангелді Иманов, публицист, этнограф, фольклортанушы Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, мемлекет Қайраткері Ә.Жангелдин, сондай-ақ 1916 жылғы Торғай, Жетісу өңіріндегі ұлт-азаттық көтеріліс, 1929-1930 жж. Созақ көтерілісіне қатысушылармен байланысты қару-жарақтар, Қазақстанның халық жазушысы М.Мағауиннің музей қорына 2014 жылы өткізген қамшылары да қойылған.

Қатысты Мақалалар