Ақтөбедегі «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы талақ алып, тағдырымен таласқа түскен әйелдердің қорлыққа толы өмірін баяндады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Cоңғы уақытта қыздар арасында "дін жолына түсем деп, тұнығымды былғадым" деп айтатындар көбейіп барады. Жігіттер өздеріне ұнаған діндәр қыздармен ғаламтор немесе телефон арқылы танысып, некелесе салады дейді аталмыш орталықтың қызметкерлері.
Бір-екі аптадан кейін талақ деп үш рет айтып ажырасып кетеді. Ислам дінін бүркенгендердің дінсіз тірліктері шаш етектен. Айталық, кейбір ағымдар бойынша қыздар қолдан қолға өтіп жүре береді. Бүгін некен қиылады, ертесіне немесе екі-үшін күннен кейін талақ айтылып, басқаға бұйырады. Мешітке бармай, жай үй ішінде отырып алып көшеден немесе өз жақтастарынан екі ер адамды ертіп әкеліп, неке қидыруды әдетке айналдырған. Ал ата-анасы мен туыс-туғандары намаз оқымағандықтан некеге рұқсат беруге құқықтары жоқ дей салады. Олар өзара үкім шығарып, өздерінен бір адамды басшы сайлап, некелерін қия береді. Осылайша шариғат жолымен некелескендей болып, өз нәпсілері мен құмарлықтарын қандырып, ажырастық деп тастап кетеді.
"Тастанды қыз некесін қиып берген басшыға барады. Ол болса қызды тағы біреумен некелестіреді. Сөйтіп әлгі бейбақ қыз 3-4 жігітті бастан өткереді. Қыздарды қожалық еткен құдты бір жезөкше ретінде қарайды. Берекетсіз жыныстық қатынастың нәтижесінде қай еркектен жүкті болғандарын да білмей қалып жатады" дейді теолог мамандар.
-Әрине, өкінішке орай деп айтуға болады, қазір енді талақ мәселесіне байланысты. үйленетін кезде өлердегі сөзін айтып, жақсы көрем, өлем, күйем сөздерін айтып келеді да, ал талақ беретін кезде ұялы телефонмен талақты бере салады.бұл да қазір мүфтилер арасында мәселе болып жатыр. Ұялы телефон арқылы, уатсап, интернет желі арқылы талақ беруге бола ма, болмай ма? Әлеуметтік желілер арқылы талақ берілетін болса, онда әлеуметтік делі арқылы үйленуге де болу керек. Талақ пен үйлену мәселесін бөліп қарауға болмайды, - дейді Ақтөбе облысының Дін істері басқарма басшысы Бауыржан Есмахан.
Беттің арын белбеуге түйіп алған өздерін ұстаз деп атайтын әйелдердің жас қыздарға айтатын ақылы: «бұл өмірдің мәні оқуда, жақсы жұмыс істеуде емес, діндәр жігітпен тұрмыс құруға талпыныңдар. Араб, кавказ жігіттерінің иманы мықты. Соларға жар болыңдар, дінсіздерге әйел болғанша, дін үшін Сирияда соғысып жүргендерге жыныстық қызмет көрсетіп, оларға рухани күш беріңдер. Бұл әйел адамның жиһады. Ертең ақыретте шаһидтің дәрежесінде жәннатта боласыңдар» дей келе саналарына қисынсыз ережелерді құяды. Бір-екі рет кездестіріп, ең көбі үш рет жолықтырып, қаламайтын жігітпен некесін қидыртып жібереді. Осылай тәнімен жиһад жасайтын арулар қайда болса да кетуге дайын тұрады.
"Мен ойлайтынмын ол жаққа кетсе, шын жихад екен деп. Жасыратыны жоқ, бес жыл болса да, діннен білім алмағанның кесірінен ғой бәрі" дейді орталыққа келіп жүркен келіншек.
Отанымызда Сириядағы содырлардың қолшоқпары болып жүрген діндәр-сымақ жігіттер құран аяттарын өз нәпсілеріне бұрып, қазақ қыздарының көз жасын белден кеуде. Шариғат бойыша қыз бала 9 жаста балиғатқа толады. Ол қызға үйленуге және жыныстық қатынаста бола беруге болды дейтін сорақы пәтуаны өз араларында шығарып алған. Өзара таратқан өтірікке өздері сеніп, 13 жастан асқан қыздарды ел асырып, жыныстық жиһадқа аттандыруда.
-Қазір мынау әйел адамдардың кетуі өте өзекті өртейді. Оған себеп, жыныстық жиһад деп ат қойып, айдар таққан. Жыныстық жиһад жасауға бүкіл әлемнен Сирияға келуге шақырамыз. Ер-азаматтарға көмектесу керек деген секілді жалаң идеяны тарату арқылы, санасы уланған жастар, қыз-балалар кетіп қалып жатыр. Оның ішінде бізден кеткен қаракөз қазақ қыздарының кеткені өзекті өртейді. Сондай жағдай болды. Демек біз мұның алдын алуымыз керек. Алдын алу үшін қандай болады? Ең басты міндет: ата-ана тәрбиесі, қадағалау өте маңызды. Өйткені біз былтырғы жылы көрдік, Алматы қаласында 13 жастағы қыз баланың әлеуметтік желілер арқылы байланыс құрып, сол жаққа кетуге тырысып, нәтижесінде Қазақстаннан Түркия, Түркиядан Сиряға шығу билет жолдары ақпарат қарап отырған кезінде ата-анасы байқап, алды алу шаралары жүргізілді. Одан шыққан нәрсені қараңыз, тіпті 13 жастағы қыздың өзіне сырт көз көз тігіп отыр деген нәтиже шығады, - дейді «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы КММ басшысы Жандаулет Сүлейменов.
Шекара асқан қыздар Сирия, Ирак секілді содырлардың арасында тірі тауарға айналады. Қолдан-қолға өтіп, бір күнде 6-7 еркекке қызмет көрсетеді. Ол аздай, олардың ортасына шығып, тәнін көрсетіп, билетеді. Егер ұнасаң, сатушыға ақша беріп, мал базарда жануар таңдағандай жетектеп алып кете барады. Анаңнан туғалы білмеген қорлықты көресің, әкеңнің айналайын дегенін, ботам деп еркелеткенін сағынатын боласың. Бұл масқара шындық дейді орталық мамандары.
-Басында исламға келгенде бақытымды тапсам деп едім, кейін бәрі басқаша көрінді. Күйеуге шықтым, алайда бәрі өзгерді. Күйеуім талақ етті. Содан соң үш еркекпен некелестім. Ал соңғы күйеуім жиһадқа баруымды өтінді. Мен тіпті жиіркеніп кеттім. Бәрі кеш болатын. Мен қателескенімді енді түсіндім. Енді өткенді қайталағым келмейді. Өзіміздің ұстаздар саналатындардың айтуымен Сирияға кетуге келісім бердім. Өзімізді тура жолда жүрміз деп ойладым. Бәріне де дайын болдым. Бірақ бәрі өкінішті. Мен қателігімді кеш түсіндім. Өткенді есіме алғым келмейді. Кеудеме толы өксік келеді. Қазір есіме түссе, жиіркенішті. Алайда кері қайтуға жол жоқ. Олар қорқытады, қоқан-лоққы жасайды. Ұрады. Соғады, - дейді адасқан келіншек.
Ал шындықты ештеңемен бүркемедеп жаба алмайсың. Байғұс қыздар өздерінің жетекшілерінің сөздеріне шыға алмайды. Діни сауатсыздық және дұрыс пен бұрысы араласқан бұл жағдайда бұл ағымдар ниеттері таза мұсылмандарың адасуына, теріс жолға түсуіне себепкер болуда. Адалдық, идеал болудан кеткен ортада пәктік, қыз баланың ар-ұяты, болашақ ананың тазалығы деген ұғымдар ақшаға ғана бағаланып, ел асып, сатылатын тірі тауарға айналған заман болды.