Алматылық полицейлерді өлтірген Руслан Күлікбаевтің келіншегі күйеуінің әрекеті үшін елден кешірім сұрады, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
«Полицейлер Руслан Күлікбаевтың әйелін де тергеп жатыр. Байқоңыр қаласынан арнайы жеткізілген Аяулым Үмбетқұлованы тәртіп сақшылары 7 сағат бойы сұрақтың астына алған. Жалдамалы пәтердің мекен-жайын айтқан да осы келіншек екен. Бүгін лаңкестің әйелі біздің тілшілерге де сұхбат берді. Айтуынша, дін жолындағы күйеуінің қандықол қылмыскер екенін білмеген. Тіпті Русланның адам өлтіргенін де телеарнадан көріпті. Сондықтан қара жамылған отбасылардан күйеуі үшін кешірім сұрады»,- деп хабарлайды телеарна.