Күлікбаев Қызылордада көне қару сақтағаны үшін жауапқа тартылған (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709042634762_small.jpg

Алматылық «атқыш» Руслан Күлікбаев Қызылордада көне қару сақтағаны үшін жауапқа тартылған, - деп хабарлайды Qamshy.kz tengrinews.kz- ке сілтеме жасап.

Қызылорда облыстық сотының хабарлауынша ол 2012 жылғы 14 ақпанда Тараз қаласының теміржол вокзалы маңында 1895 жылы шығарылған 5,6 милиметрлік калибрлі көне револьвер мен 5,6 милиметрлік 7 патрон, қарудың үнін басатын құралын тауып алады. Қаруды полицияға өткізбей одан әрі сақтау үшін өзімен алып кеткен. Осы әрекеті үшін ол 3 жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айрылған екен. Р. Күлікбаев жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеген.

Естеріңізге салсақ, 18 шілде күні Алматыда теракт болып, Р. Күлікбаевтың қолынан төрт полиция қызметкері, бір шекарашы, бір зейнеткер мен бір «жеңіл жүрісті» делінген келіншек қаза тапты. Қандықол тұтқындалып, қамауға алынды.

Қатысты Мақалалар