Ермек Нарымбаевқа іздеу жарияланды

/uploads/thumbnail/20170709042644277_small.jpg

Алматы қаласы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті елден кеткен белсенді Ермек Нарымбаевқа іздеу жариялады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Informburo.kz - ке сілтеме жасап.

Аталмыш департамент Нарымбаевты іздеу жұмысын "бастапқы іздеу іс шаралары" бойынша әрекет етуде. 

-Сот жүктеген жауапкерлішікті Нарымбаев дұрыс қабылдаған жоқ. Оған жазаның негізгі мерзімі толық өтелмейінше немесе бақылау уақыты толық ақталмайынша Қазақстаннан шығуға тыйым салынатындығы туралы тағы да жазбаша ескертілді, - дейді Алматы қаласы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ресми өкілі Манас Тұяқбаев.

Оның кеткені расталатын болса тиісті жазасын алады дейді аталмыш департамент. Алайда Ермек Нарымбаев 14 шілде күні Украинада баспасөз маслихатын өткізіп10 шілде Қазақстанмен іргелес елдердің бірінің шекарасынан заңсыз өту арқылы Украинаға жеткені, сонда жүрген оппозиционер Айдос Садықовпен табысқаны, ол елге жер реформасына қарсы митингілер қарсаңында әкімшілік қамауға алынған белсенді Мөлдір Әділованың да барғаны сол жиында айтылған еді.

Қатысты Мақалалар