Танымал сазгер Еркеш Шәкеев Алматыда жоғалып кеткен 25 жастағы ұлы Сафар Шәкеев бүгін алтыншы күн іздестірілуде, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Сафар Шакеев 16 шілде күні таңғы 7-лерде жоғалған. Соңғы рет оны Сейфуллин көшесімен жоғары Әль-Фарабиден өтіп бара жатқанда көрген. Ремизовка ауданына қарай бет алған болатын.
Бүгін таңғы сағат 10.00-ден бері еріктілер Сафарды іздестіруге кірісті. "Бүгін біз оны Ремизовка жақтан іздейміз. Себебі, біз Сафарды өзен бойымен жоғары қарай үйіне бара жатты деп ойлаймыз" деген еріктілер осы ауданның тұрғындарын видеотіркегішке немесе видеобақылауға 17 шілдеде таңғы сағат 7.30-дан түскі 12.00-ге дейінгі уақытта түсірілген видеоларын жолдауды және осы аумақта сол уақытта өткен автокөлік иелерін видеотіркегіштеріндегі жазбаларды өшірмеуін сұрайды.
Айта кетейік, із-түзсіз жоғалған Сафар Шәкеевті 50 полицейден тұратын мобильді топ іздеуде. Іздестіру өндірісі аясында Медеу аудандық ІІБ бөлімшесінің қызметкерлері және Алматы қалалық ІІД Криминалды полиция Басқармасының өкілдерінен арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Сондай-ақ, іздеу шарасына 15 учаскелік полиция қызметкерлері де жұмылдырылған.