Н. Назарбаев: Жер мәселесінде компромиске келу керекпіз (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709043110266_small.jpg

Бүгін Ақордада Премьер-министр Кәрім Мәсімовті қабылдаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысын ұсынуды тапсырды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Мемлекет басшысына елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берген Үкімет басшысы мемлекеттік бағдарламалардың орындалысын баяндады.

Елбасы Кәрім Мәсімовке бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

«Бірінші кезекте экономикалық көрсеткіштердің төмендеуіне жол бермеу керек. Екіншіден, егін жинау мен күзгі-қысқы мезгілге дайындыққа көңіл бөлу қажет. Сондай-ақ, ЭКСПО-2017 көрмесіне және 2017 жылғы Универсиадаға дайындықты жалғастыру керек», - деді Елбасы.

Халықтың әл-ауқатын арттыру үшін индустриялды-инновациялық дамуды да назардан тыс қалдырмау керектігі ескертілді.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы жақын күндері жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысын ұсынуды тапсырды.

«Тамыз айының соңында Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, ары қарайғы әрекеттерді пысықтау үшін барлық көрсетілген мәселелер бойынша шешімдер шығаруды сұраймын», - деді Елбасы Жер реформасы жөніндегі комиссияға қатысты.

Қатысты Мақалалар