ШҚО-да Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай ескерткіш орнатылмақ

/uploads/thumbnail/20170709043140188_small.jpg

ШҚО-да Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай ескерткіш орнатылмақ. Бүгінде сәулет нысанының эскизіне жарияланған республикалық байқаудың қорытындысы белгілі болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Ескерткіш эскизіне жарияланған республикалық байқау биыл 22-сәуір мен 23-мамыр аралығында өткен болатын. Басқосуда айтылғандай, оған 4 мүсінші 5 эскиз ұсынған. Нәтижесінде, белгілі ғалымдар, тарихшылар мен сәулетшілерден құралған сарапшы топ белгілі мүсінші, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Бақытбек Мұхаметжановтың еңбегіне таңдау жасаған. Биіктігі 13 метр болатын ескерткіш жоспар бойынша, қаланың сол жақ бөлігінде, Ертіс жағалауынан орын теппек. Бұл бағытқа бюджеттен 24 млн теңге қаржы қарастырылған.

Қатысты Мақалалар