ШҚО-да «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының қолдауымен бос орындар жәрмеңкесін өткізді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Бұл жолғы бос орындар жәрмеңкесі тың үлгіде ұйымдастырылды. Жұмыс берушілер қатыспаған шарада аталған орталық пен «Өрлеу» жобасының мамандары қатысушыларға «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы жөнінде кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, жиналғандар дайындық курстары мен кадрларды қайта даярлау бойынша түсініктеме алуға мүмкіндік алды.
Тек қана әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандар емес, жалпы «екі қолға бір күрек» іздегендерді жұмыспен қамтуда мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі жоғары. Мысалы, орталық 2015-жылы 6 мыңнан астам адамды еңбекпен қамтыса, жыл басынан мың жарым тұрғын уақытша және тұрақты жұмысқа орналасқан.