Өскемен қаласында қол өнер түрлеріне арналған шеберлік сыныптары өтеді

/uploads/thumbnail/20170709043147532_small.jpg

23 шілде күні ШҚО-ның 50-ден аса қолөнер шеберлері өз туындылар көрсетіп қана қоймай, тұрғындарға оларды жасап үйретеді.

«Алтай базары» фестивалінде шеберлер өздерінің шеберліктерімен бөлісіп, тұрғындарға жұмыстарының қырлары мен сырларын ашады. Кез келген тұрғын былғарыдан, жүннен заттар әзірлеп, ағашқа жазулар жазып, тасты қашап үйрене алады. Шеберлік сыныптары және оларға қажетті құрал жабдықтардың барлығы тегін. + Шеберлік сыныптары Сол жағалау кешенінде («Арзан» сауда орталығы жағынан кіру) 15.00 мен 18.00 аралығында өтеді. Қосымша сұрақтар бойынша ШҚО туристік ақпараттық орталығына хабарласуға болады. Байланыс нөмірлері: 26-06-33 немесе 8-705-566-90-60 (Тимур).  

"Устинка - плюс" ақпараттық порталы

Қатысты Мақалалар