Алакөл жағажайын тазарту жұмыстары 2-4 шілде аралығында «Табиғат және біз» акцисы аясында өтеді.
Экологиялық акция ШҚО және Үржар ауданының әкімдігінің қолдауымен ШҚО жастар орталығы, «Жасыл Ел» облыстық штабының бастамасымен ұйымдастырылуда. Шараның басты мақсаты – жастардың және қоғамның экологиялық мәдениетін дамыту. Алакөл көлінің жағасындағы туристік кластер бүгінгі таңда қарқынды дамуда. Жастар қанша сенбілік жасаса да су жағасындағы қоқыс азаймай отыр.
"Устинка-плюс" ақпараттық порталы