Жұмыссыздарды Кеңестік замандағыдай қайта жазалау керек деген пікірді Өскемен қалалық мәслихаттың кезекті отырысында ұсынылды.
- Күн сайын жұмыссыздықпен күрес барысында, кеңестік кезеңдегі жұмыссыз жүрген үшін адамдар берілген жазаны қайта жандандыру керек пе деген ойға оралады, - деді Өскемен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Маулихат Жақсылықовна.
Қалалық мәслихаттың депутаты, заң ғылымдарының докторы Қуат Рахимбердиннің пікірінше, адамды жұмыс істеуге күштеу адамның конституциялық және халықаралық құқықтарын бұзады. Дегенмен түрмеден жаңа босап шыққан адамдар темір тордың ар жағына қайта қылмыс жасап оралады.
- Қылмыстардың 70%-ын қылмыскер түрмеден босап шыққан күні жасайды. Өйткені олардың негізгі проблемалары қоғамда және еңбек нарығында әлеуметтік тұрғыда икемделіп, бейімделу қиындық туғызады, - деді Қуат Рахимбердин.
Бүгінгі таңда қаламызда қылмыстық-атқару жүйесіндегі департаменттің алтауы орналасқан. Тек 2015 жылы ол жерден 460 адам босап шықты. Жұмыспен қамту бөліміне олардың барлығы жүгінді. 159 адам жұмыссыз ретінде тіркелсе, олардың 123-і жұмыспен қамтамасыз етілді.
- Бұл өте ауқымды мәселе. Алайда бізде мамандар жетіспейді. Сондықтан біз жұмыспен қамту басқармасына Польша елінің тәжірибесімен алмасып көруді ұсындық. Бұл елде қаражат үкіметтік емес ұйымдарға бөлініп, әлеуметтік және қоғамдық қызметкерлер түрмеден босап шыққандардың келешек тағдырымен солар айналысады, - деді Маулихат Құсаинова.
Бостандыққа шыққандардың мәселелерімен, яғни, құжаттарды реттеу және жинақтау, әлеуметтік бейімделуі, жұмыспен қамтылуы, кәсіби білім алулары және әлеуметтік-құқықтық көмекті мемлекеттік емес ұйымдар көрсететін болады.
«Устинка-плюс» ақпараттық порталы