Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов шығысқазақстандықтарды Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен құттықтады.
«Қадірлі жерлестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1995 жылы жалпыхалықтық референдумда қабылданған Ата Заңымыз Тәуелсіздік алғаннан кейінгі халықтың маңызды таңдауы болды. 21 жыл бұрын даму мен өркендеудің даңғыл жолы анықталды. Негізгі Заңымыз - әлеуметтік-экономикалық дамудың өзегі, бірлік пен ынтымақтың бұлжымас бағдары, кемел келешектің кепілі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған сарабдал саясатының нәтижесінде Қазақстан Республикасының Конституциясының әлеуеті Отанымыздың жоғары экономикалық дамуы мен халқымыздың әл-ауқатының артуына толықтай бағытталып отыр.
Құрметті шығысқазақстандықтар! Осындай айтулы күнде әрбіріңізге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, табыс пен өркендеу тілеймін!» - деп жазылған құттықтауда.