Самарқандтың мыңдаған тұрғындары таң сәресінен Шахи-Зинда кешенінде Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Кәрімовтың басына барып жатыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Естеріңізге салсақ, Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов қыркүйектің 2-і күні 78 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Қыркүйектің 3-і күні туған жері Самарқандта жерленді. Елде үш күн қатарынан қаралы күн жарияланды.
Жақында кешен қарапайым адамдар үшін жабық болған, онда делегация мүшелерін ғана кіргізген. Дегенмен, жексенбі күні ол жердің есігі баршаға ашық болды. Келушілердің көптігінен бір сағаттай кезек күтуге тура келеді. Қазір кешенді милиционерлер күзетіп жатыр.
Шахи- Зинда кешенінде Өзбекстанның орта ғасырдағы атақты хан, сұлтандары және бүгінге дейінгі танымал тұлғалар жерленген, Кәрімовтың ата-анасы да осында қойылған. 90-шы жылдардан бастап кешенде адам жерлеу тоқтатылған, бірақ бірінші президент үшін бұл ережені өзгертті.
Ислам Кәрімов 19-шы ғасырда салынған Хәзіреті – Хизр мешітінің ашық алаңы жанында, кешеннің бас жағында жерленді. Оның ата-анасы Шахи- Зиндан кешенінің тура өзінде жерленген.
Кәрімовтың зираты гүлдермен көмкеріліп тұр, әзірше ешқандай мавзолей мен ескерткіштер жоқ. Зират маңайында келушілерге арналған бірнеше орындықтар тұр. Орын жетпегендері мешіт айналасындағы қоршау кірпіштеріне отырады. Мешіт молдасы бірінші президенттерінің жатқан жері жайлы болуына арнап құран оқып жатыр. Осылай келесі топ келіп, өз дұғаларын бағыштауда.
Адамдар күні бойы толастамай келіп жатыр, тіпті күн соңына қарай бірнеше мыңдаған адамға жетуі мүкін. Келушілердің бәрі сөмкелерін өткізуге мәжбүр. Милиционерлер мен штат адамдары ешкімнің суретке түсірмеуін қатаң қадағалауда. Келушілердің баршасына ауыз су таратылуда, себебі Өзбекстанда әлі де 30 градус ыстық.
Gazeta.uz-дың мәліметінші, Өзбекстан Астанасында қаралы күнге байланысты Өзбекстан туы түсіріліп тұр.