Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы ҚР Бас прокуратурасының «Тиiмдi шағымдар қоғамына» жобасын өз тәжiрибесiнде қолдана бастады.
Аталған жобаның басты мақсаты – азаматтарға өздерiнiң құқықтарын жан-жақты түсiндiрiп беру және өтiнiштерге байланысты заңнама талаптарын елге насихаттау. Сондай-ақ, өтiнiш иелерiне консультативтiк көмек көрсетудi, жеке және заңды тұлғалар өтiнiштерiнiң негiзсiз созбалаңға салынуына жол бермеудi көздейдi.
Осы ретте, инспекцияда шағымданушылардың құқықтарын, өтiнiш берудiң тәртiптерiн түсiндiру мақсатында қоғамдық қабылдау құрылды. Оның жұмысын үйлестiруге қоғам белсендiлерi және еңбек ардагерлерi тартылды. Қоғамдық қабылдауда азаматтардың өтiнiштерi мен уәждерi де қаралады. Ал, оның қабылдауына (87252) 55-87-77 телефон нөмiрi арқылы хабарласып, алдын ала жазылуға болады. Айта кету керек, инспекцияның мекенжайы: Шымкент қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 9 В үйде орналасқан.
Бiздiң мекеме инспекцияның өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясы, өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясы, асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясы, мемлекеттiк астық инспекциясы бағыттары бойынша жұмыс iстейдi. Сондықтан осы салаларға байланысты қандай да бiр мәселе туындаған жағдайда арыз-шағыммен бiзге хабарласуға болады.
Ал, егер де өтiнiштегi мәселенi қарау басқа мемлекеттiк органның құзыретiндегi iс болса, инспекцияның өтiнiштермен жұмыс жүргiзуге жауапты маманы тиiстi мемлекеттiк мекеменiң мекенжайы, тiптi жауапты мамандарының телефондарына дейiн көрсетiп бередi.
М.КҮРЕҢБАЕВ, ҚР АШМ АӨК МИК ОҚО аумақтық инспекциясының мемлекеттiк астық инспекциясы бөлiмiнiң басшысы