Басты мақсат – азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

/uploads/thumbnail/20170709182620804_small.jpg

 

Кене шағу деректері облыс бойынша  көбейіп барады. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінің кезекті мәжілісінде өңір басшысы Жансейіт Түймебаев мәлімдеді.

– Жүйелі шаруалар әлі күнге дейін өте аз. Ең басты мақсат – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біздің табиғатымыз қолайлы, төрт маусым бар. Бірақ, ел Тәуелсіздігінің 25 жылында да ішкі нарықты мал шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз еткен жоқпыз. Бізде шығарылатын өнімдердің бәсекеге қабілеті төмен. Сондықтан басқа облыстарды былай қойғанда біздің өніміміздің тұтынушылары шет ел өнімдерін сатып алуға мәжбұр. Сондай-ақ мал шаруашылығын дамытудың басты мәселесі венеринариялық қауіпсіздік. Бұл мәселе бойынша да тиісті жұмыстар жүргізілмей отыр. Биылғы жазда, өздеріңіз білесіздер, кене ауруы өршіп кетті. Былтырғы жылмен салыстырғанда кене шағу фактісі 40,4 пайызға өскен. Яғни 2016 жылы 5564 жағдай тіркелген! 2015 жылы 3961 болған. Бұл аз емес. Ал егер залалсыздандыру жұмыстары уақытылы жүрсе, бұлай болмас еді. Міне, осы мәселелерге байланысты да алдын ала жұмыстар істелінбей жатыр, – деді Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбековтің мал шаруашылығын дамыту туралы есебін тыңдаған облыс әкімі. 

http://rgmedia.kz/

Қатысты Мақалалар