Бүйрекке мұқтаж қандасымызға көмек қолын созайық

/uploads/thumbnail/20170709184651079_small.jpg

Қадірлі оқырман! Бүгінгі таңда айықпас дертке шалдығып, өмір мен өлім арасында арпалысып жүрген қаншама адамдар бар. Сондай жандардың бірі – тумасынан бір бүйрегімен дүниеге келген Сара Жеделхан атты қандасымыз.

«Сара Жеделхан 1990 жылдың тумасы, бүгінгі таңда 26 жасқа аяқ тіреген қарындасым жастық шақтың қызығын көріп, білім қуып, жалындаған өмірдің қызықтарына тоймай жүрудің орнына төсекке таңылып, тек сырттан ғана дені сау жандарға қызығушылықпен бақылап жатыр», - деп өз мұңын шақты Сараның ағасы Мүлік Жеделхан.

  • Осы уақытқа дейін 3 рет ауруханаға жатты, Қытайға барып та емделді, бірақ еш оң нәтижесін бермеді. Қазіргі таңда қарындасымның бүйрегі 15-20%-ға ғана істеп тұр. Дәрігерлердің айтуынша, қарындасыма донор тауып, бүйрегін ауыстыру қажет, тек сол кезде ғана оның өмір сүруіне мүмкіндігі бар. Ал қазір Сара тек дәрі-дәрмектермен, дәрі тамызғыштармен әл сақтауда. Алайда олардың да күннен күнге әсер етуі төмендеп бара жатыр. Ай сайын алынатын бұл дәрі-дәрмектерінің өзіне бір бүйректің құнындай қаражат кетіп жатыр. Сараның  еміне 50 000 АҚШ доллары қажет. Қарындасымның мұндай халіне бейжай қарамайтын азаматтардан қаржылай көмектесулерін сұраймыз. Жалындаған жас шағында өз қатарластарымен бірге ел қатарлы өмір сүрсе екен деймін.

«Баламның табанына қадалған тікен, менің маңдайыма қадалса екен» дейтін халықпыз ғой. Қарындасының мүшкіл халіне халықтан көмек сұрап келген ағасының бір ғана тілегі – Сара қарындасы аяқтан тұрып кетуі. Ал бұл нәрсеге қомақты қаражаттың керек екені белгілі. Сол себептен де бұл жағдайға бейжай қарамай барынша қолдарыңыздан келген көмекті аямауларыңызды сұраймыз.

 

Қатысты Мақалалар