Instagram әлеуметтік желісінде пайда болған студенттер хатында ақша дәметкен ұстаздарынан шаршағанын, тіпті ректор атына дейін шағымданғандарын, бірақ одан ешқандай нәтиже жоқ екендігі жазылған.
Өздерін осы университеттегі педагогика және психология факультетінің студенттері деп атаған олар белгілі бір ұстаздар жақсы баға қою үшін ашықтан ашық ақша сұрайды дейді.
Ал бұған наразылық білдіргендерді мұғалімдері намысына тиіп, „шәкіртақыңнан айырамын, жаздық емтиханға қалдырамын„ деп қоқан-лоқы көрсететін көрінеді.
Бұл хаттың авторы студенттер атынан ректорға хат жазғандарын да бірақ одан ешқандай нәтиже болмағанын айтады.
Оған қоса, студенттер қажет болса өздерінде бұл айыпты дәлелдейтін аудио және видео жазбалар барын да айтқан.
Студенттер бұл хат арқылы университет басшылығына ескерту жасап, шара қабылдауын сұраған. Әйтпесе қолдағы дәлелдер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданбақ.
„Талап етіп отырғандай ақшамен емес, өз басымызбен емтихан тапсыруға мүмкіндік беріңіздер„ деп жазады студенттер.

Дерек көзі: jasqazaq.kz