Еліміздегі ең атақты әуесқой әнші, атыраулық MC, Сайлаубек Тоғайбайұлы Қабдылхамитті танымайтын адам аз қазір Қазақстанда.
Содан болар, кафелер мен ресторанда, той-томалақтарда MC Сайлаубекке деген сұраныс жоғары.
Мына бір кешке қонаққа келген Сайлаубектің әндеріне қыз-қырқындар дән риза.
Атыраулық рэперді көрген қыздар оны құшақтап, естелік суретке түсіп алуға тырысады деп хабарлайды 365info.kz
Халқымыздың санасы соншалық төмендеп кеткенбе, әлде қазақ қыздарының құны төмендеп кеткен бе? Кеше ғана көше кезіп, арақтың түбіндегі жынмен дос болып жүрген атыраулық рэпер - бүгінгі қарындасындай, қызындай қазақ қыздарының белінен құшып жалпақ жұртқа танымал өнер адамы. Ұлттық құндылығымызды жоғалтуға шақ қалып тұрған заманда елімізге дерт болып жабысқан мұндай өнер адамысымақтарды халық қолпаштап, сүйіп, тіпті қарагөз қыздарымыз бар әуретін көрсетіп жабысып жатыр. Мұндайларды төбесіне шығарып ойнақтаған ұлт саналы ұрпақ тәрбиелей алады ма деген сұрақ әрбір ұлт жанашырының көкейінде.
Қамшыгер: Лабихан Назерке