Меркел паранджа киюге қарсы шықты

/uploads/thumbnail/20170709184710646_small.jpg

Ангела Меркел 9-ші рет ХДО төрағасы болып сайланды деп хабарлайды bbc.com орыс қызметі. Германия канцлері Ангела Меркел денені толық жабатын әйелдер киімі паранджа мен нихаб киюге тыйым салу туралы алғаш пікірін білдірді.

Эссенде өткен Христиан-Демократиялық одағының (ХДО) съезінде  Меркель мұндай киімді заң жүзінде барынша барлық жерде киюге тыйым салу керек. «Бұл біздікі емес» деді канцлер. Оның сөзінше, Германияда адамдар бір-бірімен тілдескенде адамның бет жүзі ашық болу керек. Бізде ешқашан бетін жабу деген болған емес. Сонымен қатар канцлер 2015 жылдың күзінде болған миграциялық дағдарысты қайта болдырмауын қадағалайтынын да айтып қалды.  Германияға 100 мыңдаған мигранттар заңсыз келген болатын. «Бұл менің басты саяси міндетін болған және қала бермек. Бұл мәселе бойынша біз бірнеше ай бойы жұмыс істеп келеміз» деді ол.  

Бұдан бұрын Меркель мұсылмандардың барлық денесі мен бетін жабатын әйелдер киімін интеграцияның құлдырауы деп айтқан болатын.

Меркел ХДО съезінде мектептерде, сот орындарында және басқа да мемлекеттік мекемелерде паранджа киюге тыйымды қолдады. Десек те, қоғамда паранджаға толық тыйым салу Германия конституциясына қайшы деп санайтындар көп.

Ангела Меркел партия көшбасшысы болып сайланғанымен, ендігі жылы өтетін парламенттік сайлауда антимигранттық партиямен қызу тартыс күтіп тұр.

Миллионға жуық босқындардың Германияға пана іздеп келгендерге қолдау көрсеткенде, Меркелдің рейтингі едәуір төмендеген еді. Дегенмен канцлер 2005 жылдан бері халықтың қолдауыне ие болып келеді. 

Қатысты Мақалалар